Әлемге шапағын таратқан, арайлы алтын таңсың
Сырымды саған ашайын, сәуленген сұлу жансың
Таңданып саған табиғат, өзіңнен бәлкім оталар
Сұлулық біткен бір күні, атыңмен сенің аталар
[Қайырмасы]
Сен ең-ең сұлу жансың, сен ғашықтарға әнсің
Жоқсалай ма ешкімді, лаулап жүректер жансын
Қолы жеткеннің даңқы атсын, жетпеген жылап қалсын
Сенде не деген сұлулық, сен ең-ең сұлу жансың
Сендей кіршіксіз сұлудың, жерден табылмай теңі
Жалғыз өтпей ме екен деп, кейде аяймын сені
Мөлдір көзіңе қарасам, барады жаным шыдамай
Өзіңе біздей пенделер, ғашық болғаны күнәдай
[Қайырмасы]
Сен ең-ең сұлу жансың, сен ғашықтарға әнсің
Жоқсалай ма ешкімді, лаулап жүректер жансын
Қолы жеткеннің даңқы атсын, жетпеген жылап қалсын
Сенде не деген сұлулық, сен ең-ең сұлу жансың -