Күн,күліп таусылар,
Түн,суық тамшылар -
Мұңымды ұғып келген
Сен екенсің...
Ән,жүрегімдегі
Жан,тілегімдегі
Ойлаумен үміттенген
Сен екенсің...
Қайырмасы:
Ойлаймын,ойлай,
Жаныма бойлай
Арманымнан сені ғана көремін!
Ойлаймын әлі,
Жанымның бағы
Сен екенсің - сүйіп өтсем дегенім!..
Біз жетпеген арман,
Күз көктем оралған,
Құсқанат сағынышым
Сен екенсің.
Жол,созылған маған,
Мен сезіне алмаған
Іздеген табу үшін -
Сен екенсің!..
Қайырмасы:
Ойлаймын,ойлай,
Жаныма бойлай
Арманымнан сені ғана көремін!
Ойлаймын әлі,
Жанымның бағы
Сен екенсің - сүйіп өтсем дегенім!..