Жаңа арман жағасында
Жанып тұрған жұлдызым
Жақын болып барасың ба?
Бәрінен де бүгін
Жәудірейді бота көзің
Қарай берем ұрланып
Күннен күнге жанып жүзің
Барады нұрланып
О махаббат, қосу-алу
Шығарып сап тосып алу
О махаббат күйіп жану
Бір көргеннен сүйіп қалу
Жүрсем дағы дала шыңда
Ойымдасың бағым-ау
Мың сұлудың арасында
Ең сұлу шамым — ау
Таусылмайтын сияқтысың
Айта берсем, жарығым
Сыйлап кеттің жүрекке жыр
Махаббат жалынын
О махаббат, қосу-алу
Шығарып сап тосып алу
О махаббат күйіп жану
Бір көргеннен сүйіп қалу
О махаббат, қосу-алу
Шығарып сап тосып алу
О махаббат күйіп жану
Бір көргеннен сүйіп қалу