Қызығам қолыңдағы,
Құлпырған қызыл гүліңе.
Сұқтанып қарай бердім,
Қазақ қыз сенің өзіңе.
Сұрарым қабыл алшы,
Сыйымды ән қып арнайын,
Алматыға күйеу бала,
Күйеу бала болып қалайын.
Көзіңе көзім зар,
Жүрегіңе жүрегім зар.
Өзіңе өзім зар,
Сөздеріңе сөздерім зар.
Күлкіңе күлкім зар,
Ерініңе ерінім зар.
Қолыңа қолым зар,
Деміңе демім,
Ох, деміңе демім зар.
Тамсанам ауқым қанбай,
Бал шырын сенің сөзіңе.
Сұқтанып қарай берем,
Қазақ қыз қара көзіңе.
Сөзімді шетке қақпа,
Әнменен сырымды ашайын.
Алматыдан ауылға,
Мен сені алып қашайын.
Көзіңе көзім зар,
Жүрегіңе жүрегім зар.
Өзіңе өзім зар,
Сөздеріңе сөздерім зар.
Күлкіңе күлкім зар,
Ерініңе ерінім зар.
Қолыңа қолым зар,
Деміңе демім,
Ох, деміңе демім зар.