Уайым, қайғы жүдетпей-ақ қанша мың
Жүрегімді ауыртпай-ақ сонша мұң
Жайбарақат отырдымда жай бір күні
Аңқам құрып дауысыңды аңсадым
Дауысыңды сағынғанда
Еріп кетіп сағымдарға
Сені қатты құшақтағым келеді
Дауысыңды сағынғанда
Сағынышқа салынғанда
Сені қатты құшақтағым келеді
Сені қатты жақсы көрем себебі
Бұлбұл құстар сайраса да не түрлі
Армандаймын саған ғана жетуді
Жинап алып сылдырын бар бұлақтардың
Тәңір саған сыйға тартқан секілді