Ой бөліп сұлу қыздарды қарап
От болып жана
Жел болып келіп шашыңды тарап
Қиялға бата
Қылықтарың қор қыздарындай
Айдай сұлу қазақ қыздары-ай
Айдай қыздар-ай
Қазақ қыздары-ай
Ай сынды сұлу жүздері жанған
Дем беріп жанға
Теңіз боп толқындап тасып барамын
Қылықтарыңа
Қызықтырып жанды жаулады-ай
Қара көзді қазақ қыздары-ай
Айдай қыздар-ай
Қазақ қыздары-ай
Мақтанысып сөйлеген сөздері
Сұқтандырып мөлдіреген көздері
Гүлдей болып ашылғын нәзік жанды өздері
Күндей жарық шаттана күлгені
Сылаң қағып сылқым-ау жүргені
Естен мәңгі жоғалмас жастық күндері
Қызықтырып жанды жаулады-ай
Қара көзді қазақ қыздары-ай
Айдай қыздар-ай
Қазақ қыздары-ай