Маржан Арапбаева & Ұшқын Жамалбек
Текст

Гүл дәурен

Маржан Арапбаева & Ұшқын Жамалбек

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз 1

50%
50%
Асау өмір арнасында
Шалқып сәби сезімменен,
Он жыл мектеп партасында
Бірге отырдым өзіңменен.
 
Сездіруге батпадым да
Бала махаббатымды,
Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңды.
 
Елес беріп келешегің
Қимасыңа баладың ба?
Қоштасарда неге сенің
Жас толқыды жанарыңа?
 
Сездіруге батпадым да
Бала махаббатымды,
Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңды.

Другие песни от Маржан Арапбаева & Ұшқын Жамалбек