-1.Саябақты саяладым
Жабырқаған жаныммен
Түсірмеші саяға мұң
Күн боп шығамын таңыммен
Жәудірейді бота көзің
Жұбатайын кел әніммен
Қайырмасы:
Қарамадың о маралым,
Кейін қайта жүрегіңе мен ораламын!!!
2.Сағынамын сол кезіңді
Жанымды жараладың
Солғын тартқан сол сезімді
Жаным-ау бағалағын
Қоштасарда беріп кеткен
Қолымда жүр орамалың
Қайырмасы:
Қарамадың о маралым,
Кейін қайта жүрегіңе мен ораламын!!!