Марат Омаров
Текст

Анашым (жаңа нұсқа)

Марат Омаров

Оцените песню: Голос вверх 45 Голос вниз 4

92%
8%
Шет жүрсем - сағынарым,
Жабықсам - шағынарым,
Анашым, бір өзіңсің
Табынарым.
 
Қ-сы:
Анашым, шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең,
Жүрегім жыр толғайды,
Көңілім ортаймайды,
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды.
 
Ұшырған сұңқарыңмын,
Қияға шырқарыңмың,
Бәйгеге өзің қосқан
Тұлпарыңмын.
 
Қорғаным - өзің деймін,
Жан дауа - сөзің деймін,
Анашым, сені ойласам
Көз ілмеймін