Көкесі: Айналайын, бөпешім,
Ән салады көкешің.
Есейгенде ер жетіп,
Кім болады екенсің?
Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,
Тәнті балғын бөпешің.
Әсерлі де әуенді
Әнге құмар етесің.
Бірге: Ән – көңілдің ажары,
Бар өмірдің базары.
Әуелесін, қалқысын,
Қазағымның ән әні.
Көкесі: Айналайын, бөпешім,
Ән салады көкешің.
Таудай болса талабың,
Мақсатына жетесін.
Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,
Тәнті балғын бөпешің.
Әнші болып өзіңдей,
Табамын жол кетесі.
Бірге: Ән – көңілдің ажары,
Бар өмірдің базары.
Әуелесін, қалқысын,
Қазағымның ән әні.
Ән – көңілдің ажары,
Бар өмірдің базары.
Әуелесін, қалқысын,
Қазағымның ән әні