Маралбек Битенов
Текст

Қоштасу үшін жолығайын ба

Маралбек Битенов

Оцените песню: Голос вверх 205 Голос вниз 2

99%
1%
Қош бол деп сөзді қорытайын ба
Бұтақсыз қалған қара қайыңдай
Қызыл тіліме шоқ төсеп алып
Қоштасу үшін жолығайын ба
 
Қысылып жаным езілейін бе
Әлге көңілге сезілейін бе
Мұңды жанарды қара бұлт қылып
Көріспес үшін кезігейін бе
Мұңды жанарды-ай қара бұлт қылып
Көріспес үшін кезігейін бе
 
Тулап дауылдай дүркірейін бе
Найзағай болып күркірейін бе
Мүмкін дегенмен шешімге келіп
Қоштасу үшін бір көрейін бе
 
Қысылып жаным езілейін бе
Әлге көңілге сезілейін бе
Мұңды жанарды қара бұлт қылып
Көріспес үшін кезігейін бе
Мұңды жанарды қара бұлт қылып
Көріспес үшін кезігейін бе
 
Қысылып жаным езілейін бе
Әлге көңілге сезілейін бе
Мұңды жанарды қара бұлт қылып
Көріспес үшін кезігейін бе
Мұңды жанарды-ай қара бұлт қылып
Көріспес үшін кезігейін бе
Мұңды жанарды қара бұлт қылып
Көріспес үшін
Қош бол деп сөзді қорытайын ба