Жастық шағым өткен мынау бақ мекен
Сағынышпен ауылға келіп кетем
Өскен үйдің әрбір тұсы тым ыстық
Әрбір сәті балалықтай тәтті екен
Уақыт, уақыт, уақыт қалай өтті екен?
Өскен үйім мынау сенің төрің бер
Жүрегімде сағыныш бар көріңдер
Жазуындай тағдырымның, белгісіндей бал ғұмырдың
Асылдарым неткен ыстық едіңдер?
Жазуындай тағдырымның, белгісіндей бал ғұмырдың
Асылдарым неткен ыстық едіңдер?
Тағдыр жолы тарау тарау бұралаң
Бақытты өмір болды шүкір сыбағам
Көңіл шығар босап кейде жылаған
Өмір шығар шаттық мұңмен сынаған
Өскен үйім өзің барсың қуанам