Алаулап оттай арғымақ аттай
Жұлқынып тұрган кермеде
Өмірге ғашық жанымды менің
Түсіңбей жүрсің неге
Әлемнің барлық қуанышымен
Батпандай ауыр қайғысын
Жатырқамастан жабырқамастан
Сыйдырдым түгел кеудеме
Іңкәрмін әлі шырқармын әлі
Келбетін дархан даламның
Кең далам менің өзімді сенен
Қалайша бөліп алармын
Әр тасын үшін әр гүлін үшін
Алаңмын саған алаңмын
Туған ел сені туған жер сені
Аялау үшін жаралдым
қайырмасы:
Арманға кейде қол жетпей кейде
Аңсаған қанша мың
Оралар ертең қызықты көркем
Баянды ғұмыр мол шағым
Баршалық келем ән салып келем
Бақытын тілеп баршаның
Шапағаты мол махаббаты мол
Өмірді ғана аңсадым
Өмірді ғана аңсады менің жаным -