Несін несін, несін жаным, несін маған кездестің?
Мұңдасуға, сырласуға, таппадың ба өзге ешкім?
Өз мұңым бар, өз сырым бар жетерлік
Екі мұңды арқалауға енді жаным, төзбеспін
Антым ғана, қуанышым, тарам – тарам бар қайғым
Сыз көргенге, ойсыз – мұңсыз бақытты бір жандаймын
Несін несін, несін жаным, несін менен сұрайсың?
Айтыс – тартыс, аласапыран, аласапыран өмірде
Шекем қызып жүрген жоқ қой шырағым – ау, менің де
Барлығын да болады ғой, болады ғой көруге
Көрмей өткен, білмей өткен нағыз байғұс тегінде
Антым ғана, қуанышым, тарам – тарам бар қайғым
Сыз көргенге — ойсыз – мұңсыз бақытты бір жандаймын
Несін несін, несін жаным, несін менен сұрайсың?
Несін несін, несін жаным, несін менен сұрайсың?
Несін несін, несін жаным, несін менен сұрайсың?