Мақпал Жүнісова
Текст

Кездер ай

Мақпал Жүнісова

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
Тоғындай жұмсақ түндерде
Төбеде қалқып көшкен-ай
Жырларға толы күндермен
Сырларға толы кештер-ай
Көңілге қуат жел берген
Күлкіге жомарт үйілер-ай
Шырқата салған әндермен
Шалқыта тартқан күйлер-ай
 
Кездер-ай ерке кездер-ай
Кездер-ай серке кездер-ай
Шоқ болып түсіп жүрекке
Түбіңе жеткен көздер-ай
 
Арғымақ көңіл еліріп
Арының әрең бастық-ай
Осылай лаулап өмірі
Өтердей болған жастық-ай
Кеттіңдер енді кімге еріп
Қуаныштар-ай мұңдар-ай
Күлімдеп өткен күндермен
Жарқылдап өткен жылдар-ай
 
Кездер-ай ерке кездер-ай
Кездер-ай серке кездер-ай
Шоқ болып түсіп жүрекке
Түбіңе жеткен көздер-ай