Торғындай жұмсақ түндерде
Төбеде қалқып көшкен-ай
Жырларға толы күндермен
Сырларға толы кештер-ай
Көңілге қуат дем берген
Күлкіге жомарт күйлер-ай
Шырқата салған әндермен
Шалқыта тартқан күйлер-ай
Шалқыта тартқан күйлер-ай
Кездер-ай ерке кездер-ай
Кездер-ай серке кездер-ай
Шоқ болып түсіп жүрекке
Түбіне жеткен көздер-ай
Түбіне жеткен көздер-ай
Арғымақ көңіл иелері
Арынын әрең бастық-ай
Осылай лаулап өмірі
Өтердей болған жастық-ай
Күнімдеп өткен күндермен
Жарқылдап өткен жылдар-ай
Кеттіңдер енді кімге еріп
Куаныштармен мұңдар-ай
Куаныштармен мұңдар-ай
Кездер-ай ерке кездер-ай
Кездер-ай серке кездер-ай
Шоқ болып түсіп жүрекке
Түбіне жеткен көздер-ай
Түбіне жеткен көздер-ай
Кездер-ай ерке кездер-ай
Кездер-ай серке кездер-ай
Шоқ болып түсіп жүрекке
Түбіне жеткен көздер-ай
Түбіне жеткен көздер-ай