Жақсы адамдар тосыннан жолығатын бағым бар,
Күліп барған досымнан жасып қайтқан шағым бар
Қалсам ойдан күйреп мен мұңды жеңер шамам бар
Бәріне де үйреткен мың жасаңдар адамдар
қайырмасы:
Бірде жақын, бірде алыс азды-көпті жол шыққан
Сәтсіздік пен қуаныш мені де көп толқытқан
Бірде жақын, бірде алыс
Сәтсіздік пен қуаныш мені де көп толқытқан
Көңілге орай түйдім мен әлем тыныш шағында
Әділдікті күйдірген зұлымдардың барында
Елтіп бақыт тәніне қуанайын әрдайым
Мың қуныш бәрі де заңы дейді өмірдің
қайырмасы:
Бірде жақын, бірде алыс азды-көпті жол шыққан
Сәтсіздік пен қуаныш мені де көп толқытқан
Бірде жақын, бірде алыс
Сәтсіздік пен қуаныш мені де көп толқытқан -