Мақпал Жүнісова
Текст

Ананы аңсау

Мақпал Жүнісова

Оцените песню: Голос вверх 74 Голос вниз

100%
0%
Пәк болып санада, әлдиің жан ана
Бесіктен бізге мәлім
Өзіңдей болар кім, өсірдің балаңның
Орындап жүз қалауын
 
Мен солай таныдым, өлшеусіз қадірің
Өзіңдей ізгі ананың
Өзіңмен шаттанам, аяулы ақ мамам
Жетсінші жүзге жаның
 
Мен солай таныдым, өлшеусіз қадірің
Өзіңдей ізгі ананың
Өзіңмен шаттанам, аяулы ақ мамам
Жетсінші жүзге жаның
 
Сен қалдың ұяда, самғадық қияға
Бесіктен сен тербеген
Тағдырға көндірген, сағыныш көрдім мен
Көзіңде мөлтеңдеген
 
Перзенттік сезіммен, нәр алып өзіңнен
Ұл қызың өркендеген
Жүрсемде ана боп, аңсаймын бала боп
Сөзіңді еркем деген
 
Перзенттік сезіммен, нәр алып өзіңнен
Ұл қызың өркендеген
Жүрсемде ана боп, аңсаймын бала боп
Сөзіңді еркем деген
 
Жылдарай жосылған, ұзадым қасыңнан
Жолымен қыз баланың
Ұлың боп жаралмай, қасыңда бола алмай
Мен сені қызғанамын
 
Ар менен ұяттың жалауы сияқты
Анашым ақ жаулығың
Сен таққан орамал жол екен ең адал
Жолыңды жалғап жүрмін
 
Ар менен ұяттың жалауы сияқты
Анашым ақ жаулығың
Сен таққан орамал жол екен ең адал
Жолыңды жалғап жүрмін
 
Ар менен ұяттың жалауы сияқты
Анашым ақ жаулығың
Сен таққан орамал жол екен ең адал
Жолыңды жалғап жүрмін