Таба алмадым өзіңе
Жаным-ау теңеуді
Бір мен үшін мәңгілік
Жан едің елеулі
Алаулаған сезімді
Сағыныш тербеді
Сені ойлаумен бөлендім
Алуан түрлі күйге мен жаным
Қайырмасы:
Сағындым
Табындым
Жаңылдым
Сағындым
Табындым
Жаңылдым
Айту қиын сөзбенен
Сезімімнің жанын
Сырымды ұққан көзімнен
Жалғыз досым-ай
Өлеңімді жазайын
Әнімді шырқайын
Шексіздікке соңымнан
Жаным жөнелуге мен дайын
Қайырмасы:
Сағындым
Табындым
Жаңылдым
Сағындым
Табындым
Жаңылдым
Аласырмас арманым
Мәңгі менің ақ таңым
Бір өзіңе ғашығым
Бұл әнімді арнадым
Қайырмасы:
Сағындым
Табындым
Жаңылдым
Сағындым
Табындым
Жаңылдым