Жаныңның тауып қалауын
Жүректің жағып алауын
Тумар қылып тағы барасың
Махаббатыңның жалауын
Жүрегің лүпіл қағар
Жүзіңде гүл гүл жанар
Ұядан ұшып барасың
Сырғаңды сыңғыр қағып
Толқиды әке-анашың
Басқаға қимай баласын
Мұңайма, қызым, мұңайма
Басқа үйдің шамын жағасың
Жүрегің лүпіл қағар
Жүзіңде гүл гүл жанар
Ұядан ұшып барасың
Сырғаңды сыңғыр қағып
Атадан бата ал қызым
Анадан бата ал қызым
Балдай бол барған аулаңа
Жарт жұрттың жалғап дәм-тұзын
Жүрегің лүпіл қағар
Жүзіңде гүл гүл жанар
Ұядан ұшып барасың
Сырғаңды сыңғыр қағып
Жүрегің лүпіл қағар
Жүзіңде гүл гүл жанар
Ұядан ұшып барасың
Сырғаңды сыңғыр қағып
Ұядан ұшып барасың