Құрманғазы Ибрагим
Текст

Шаңырағыңды шайқалдырмай сақтап қал

Құрманғазы Ибрагим

Оцените песню: Голос вверх 29 Голос вниз

100%
0%
Ата анаңның ақ үмітін ақтап бар
Шаңырағыңды шайқалдырмай сақтап қал
Тірлігіңде кездеседі әлі де
Алдан талай алдан талай соқпақтар
Біріне де мойыма сен олардың
Өз жолыңды өз жолыңды таба алғын
Өз отыңды өзің бір күн өшірсең
Жанашыр боп оны қайтып жағар кім
Жанашыр боп оны қайтып жағар кім
 
Дауыл тұрар кейде күнде күлімдер
Ақ арманның аппақ гүлін теріңдер
Бірің асып бара жатсаң ашудан
Бірің бас иіп тізені де бүгіңдер
Неке деген екі адамға ортақ бір
Тағдыр деген отауыңды сақтап жүр
Кездеспейді алдан әркез ашық жол
Жарытпайды айналаңды аппақ нұр
Жарытпайды айналаңды аппақ нұр
 
Қажет жерде бір біріңе басыңды и
Керек болса жанардағы жасын сүй
Тәй Тәй басқан жаңа жүрген баладай
Жас отауды сақтап қалу асыл сый
Сақтай білсең шаңырағыңды сақтай біл
Ата анаңның ақ үмітін ақтай біл
Адаспаңдар жолдарыңнан онсызда
Қаншама жан өз бақытын таппай жүр
Қаншама жан өз бақытын таппай жүр
 
Өзіңді өзің өз қолыңмен құрытпа
Сылтау іздеп сәл нәрседен сыныққа
Бүгін саған әйел болса ал кеше
Оның ерке қыз болғанын ұмытпа
Шаңырағыңа сезіміңді уық қыл
Көңіліңнен күдікті ойды қуып жүр
Өз тағдырын ойламаған жандарда
Қанша сәби тірі жетім туып жүр
Қанша сәби тірі жетім туып жүр
 
Ата анаңның ақ үмітін ақтап бар
Шаңырағыңды шайқалдырмай сақтап қал
Тірлігіңде кездеседі әлі де
Алдан талай алдан талай соқпақтар
Алдан талай алдан талай соқпақтар
Шаңырағыңды шайқалдырмай сақтап қал

Другие песни от Құрманғазы Ибрагим