Түн тыныш. Қала тыныш,
Алғандай жаңа тыныс,
Келген соң көргім,
Сізге келдім,
Неше еді сағатыңыз?
Жаңбыр да құйып көктен,
Сәтті осы сүйікті еткен.
Келген соң көргім,
Сізге келдім,
Ұйқымды қиып кеткем.
ҚАЙЫРМАСЫ:
"Сіз" деп тағы мен кеп тұрмын,
Іздеп тағы мен кеп тұрмын.
Жүрегіңіз - сүттен әппақ,
Келмейді оны ермек қылғым.
Сіз деп келдім,
Мен кеп тұрмын тағы.
Сағынышқа,
Бағынышты,
Жаным.
Бұл маза қашқан қалай,
Сығалайд аспандағы ай.
Келген соң көргім,
Сізге келдім,
Айтайын астарламай.
Күн өтті тізбектеліп,
Қызықсыз - қызмет, көлік.
Тұрсам бола ма,
Сізді осылай,
Осылай іздеп келіп?!