Гүлсің, гүлсің, гүлсің
Кіммен қазір жүрсің?
Қадіріңді білсін ол да.
Сезім басқа өмір бөлек
Амал қанша төзу керек
Шын сүйгенді сезу керек және
Тез жоғалған таң самалым
Өзіңді ойлап шаршамадым
Мені бөліп аңсағаның қане
Сезім сыры сөне алмайды
Жүректегі жоғалмайды
Сендей ешкім бола алмайды енді
Көңіл сені қия алмайды
Өңім бірақ жиі алдайды
Мендей ешкім сүйе алмайды сені
Жаным, жаным, жаным
Ұмытамын бәрін
Бағаласын бағын ол да.
Жаным, жаным, жаным
Жүрек тұсым жалын
Бағаласын бағын ол да.
Кім кінәлі уақыт па екен
Біздің әлі бақыт бөтен
Десе десін бақытты етем мейлі
Қалауың ба жатты сүйген
Сен де маған тәтті сый ең
Жүрек әлі қатты сүйем дейді.
Сезім сыры сөне алмайды
Жүректегі жоғалмайды
Сендей ешкім бола алмайды енді
Көңіл сені қия алмайды
Өңім бірақ жиі алдайды
Мендей ешкім сүйе алмайды сені
Сезім сыры сөне алмайды
Жүректегі жоғалмайды
Сендей ешкім бола алмайды енді
Көңіл сені қия алмайды
Өңім бірақ жиі алдайды
Мендей ешкім сүйе алмайды сені