Сыңарым деп білгесін бір өзіңді
Жанұям сен туралы біле жүреді
Маматай ол қыз өзіңізден аумайды деп
Анама сенің мақтадым мінезіңді
Сен көйлек, мен ақ жейдемен
Есімде кештер билеген
Билеген қызды сүйген ем
Мен сүйген қызға үйленем
Ханшаға лайық сыйменен
Апарам елге күйменен
Бір хабар беріп үйге мен
Қайтсемде саған үйленем
Бір өзің жүректегі бөлшектердің
Өмірді күлкіңменен өлшеп келдім
Сырласып жүріп әкемен бақ ішінде
Суреттен сұлу бейнеңді көрсеткенмін
Сен көйлек, мен ақ жейдемен
Есімде кештер билеген
Билеген қызды сүйген ем
Мен сүйген қызға үйленем
Ханшаға лайық сыйменен
Апарам елге күйменен
Бір хабар беріп үйге мен
Қайтсемде саған үйленем
Сен көйлек, мен ақ жидемен
Есімде кештер билеген
Билеген қызды сүйген ем
Мен сүйген қызға үйленем
Ханшаға лайық сыйменен
Апарам елге күйменен
Бір хабар беріп үйге мен
Қайтсемде саған үйленем