Сенде менің тілегім қалды
Сенде менің жүрегім қалды
Сол үшінде сырымды сақтап
Еш үмітсіз сүйемін мәңгі
Менде сенің арманың қалды
Өзгермейтін талғамың қалды
Өз бағыңды жолықтырсаңда
Сенде үнзсіз сүйесің мәңгі
Өңімбеді түсімбеді
Тағдыр бізді түсінбеді
Түсінбеді түсінбеді
Кешір тағдыр үшін мені
Сен ғана сүйгенім айым
Жол бөтен енді қалай қылайын
Жаныңа жаңбырмен барып тұрайын
Сезім сөнбей ақылды аттайды
Жанарда лапылдап қайғы
Бір құшақтап алғым келседе
Бізді тағдыр жақындатпайды
Енді сенің қорғаның бөлек
Енді менің жолдарым бөлек
Шын сүйген соң шытынасада
Шын бақ тілеп соғады жүрек
Өңімбеді түсімбеді
Тағдыр бізді түсінбеді
Түсінбеді түсінбеді
Кешір тағдыр үшін мені
Сен ғана сүйгенім айым
Жол бөтен енді қалай қылайын
Жаныңа жаңбырмен барып тұрайын