Берем десе беретіндей сұлу күз,
Аялдаманың және де жылу жүз.
Сәл жымиып, көлік күтіп тұр екен,
Айфонына кіріп кеткен сұлу қыз.
Тоңып тұрсаң, жақындасаң жақында,
Алар едік жылу біз.
Шыға тұршы телефонның ішінен,
Ол жақта да бір әлем бар түсінем.
Бірақ сендік ғаламтордың қуаты,
Артық емес сезімімнің күшінен.
Өз өзіңмен сөйлеспейсің сен енді,
Өз торыма түсірем!
Көздеріңді маған салшы ботадай,
Аваңдағы күліп түскен фотодай.
Жүрегіңе жүгіруден жарыссақ,
Мен бірінші барар едім оп-оңай!
Көздеріңді маған салшы ботадай,
Аваңдағы күліп түскен фотодай.
Жүрегіңе жүгіруден жарыссақ,
Мен бірінші барар едім оп-оңай!
Арасында қарап қойшы шын баққа,
Бақытыңнан телефоның қымбат па?
Ол басыңда, мен қасыңда тұрмын ғой,
Жүрегіңнің құлшынысы кім жақта?
Ұялыңды ұрлатсаң да ұяң қыз,
Бақытыңды ұрлатпа!
Көздеріңді маған салшы ботадай,
Аваңдағы күліп түскен фотодай.
Жүрегіңе жүгіруден жарыссақ,
Мен бірінші барар едім оп-оңай!
Көздеріңді маған салшы ботадай,
Аваңдағы күліп түскен фотодай.
Жүрегіңе жүгіруден жарыссақ,
Мен бірінші барар едім оп-оңай!