Оңашада жанарыңнан тамшы үздің,
Жұбатпаймын. Бәлкім мен де әлсізбін.
Алып-ұшқан сағыныштан кешегі,
Арылғанмын. Арылғанмын өйткені ол арсыз мұң.
[Қайырмасы]
Мүмкін емес, мүмкін әлде мүмкін бе?
Жалған бәрі – көңілің де, күлкің де.
Сырға толы кешегі өткен күндерің,
Сағынышқа айналды ғой бір түнде.
Сағынышқа айналды ғой бір түнде.
Саябырсып самал соқты керімсал,
Сезгендей боп сезімімді менің сәл.
Жарым түнде жалғызсырап отырмын,
Сен бар болсаң, Сен бар болсаң көзіме бір көрінші, ал!
[Қайырмасы]
Мүмкін емес, мүмкін әлде мүмкін бе?
Жалған бәрі – көңілің де, күлкің де.
Сырға толы кешегі өткен күндерің,
Сағынышқа айналды ғой бір түнде.
Сағынышқа айналды ғой бір түнде.
[Қайырмасы]
Мүмкін емес, мүмкін әлде мүмкін бе?
Жалған бәрі – көңілің де, күлкің де.
Сырға толы кешегі өткен күндерің,
Сағынышқа айналды ғой бір түнде.
Сағынышқа айналды ғой бір түнде.
Сағынышқа айналды ғой бір түнде