Жетісу, Ақсу жырғалаң
Демалып еді бір балаң
Нарыннан еді сол сұлу
Сезімнің кілтін ұрлаған
Қырқаның гүлі сыңайлы
Қырғыздың қызы шырайлы
Шоң қызын ойлап кеткенде
Егіліп жүрек , емініп жүрек , сөгіліп жүрек жылайды
Алмалы баққа кеп жүрдім
Алмасын тәтті жеп жүрдім
Алатау асқан серіні
Қашанда келер дем жүрдім
Қырқаның гүлі сыңайлы
Қырғыздың қызы шырайлы
Шоң қызын ойлап кеткенде
Егіліп жүрек , емініп жүрек , сөгіліп жүрек жылайды
Кездестік бәлкім бекерге
Өкініп өмір өтерме
Қоштасқан сәтін қия алмай
Жадымнан жырақ кетерме
Қырқаның гүлі сыңайлы
Қырғыздың қызы шырайлы
Шоң қызын ойлап кеткенде
Егіліп жүрек , емініп жүрек , сөгіліп жүрек
Қырқаның гүлі сыңайлы
Қырғыздың қызы шырайлы
Шоң қызын ойлап кеткенде
Егіліп жүрек, емініп жүрек, сөгіліп жүрек жылайды.