Қуандық Рахым
Текст

Қуандықтың əні

Қуандық Рахым

Оцените песню: Голос вверх 29 Голос вниз 1

97%
3%
Шарықтатсам әнімді деп мен бел байладым,
Болмасамда көтерген тау толағайларын,
Көп болса екен қазағым ту көтерген дарын-ай
О-о-о.
Мейілінше келтіріп әр өлеңнің сәнін,
Қолдан келсе қазақтың қуантар-ем бәрін.
Ал ендеше тыңдап көр Қуандықтың әнін-ай
О-о-о.
 
[Қайырмасы]
Арайлап таң атсын, болсыншы ғажап күн осылай азатпын.
Жадыңда жаңғырып жасасын мәңгілік өнері қазақтың-ай,
Арайлап таң атсын, болсыншы ғажап күн, осылай азатпын,
Жадыңда жаңғырып жасасын мәңгілік өнері қазақтың-ай.
 
Жаса қазақ жаса-деп ұран қылған елім.
Атқа мінген ұлының бекен буған белін
Байрақ алған қолына ұланыңмын сенің-ай
О-о-о.
Қалықтасын қыраның, күлсін көгіңде күн,
Ақталса екен тілегің өзің артқан сенім.
Әннен іздейм милион жүректердің емін-ай
О-о-о