Қуандық Рахым
Текст

Қоштасу бұйырмай қалса екен...

Қуандық Рахым

Оцените песню: Голос вверх 201 Голос вниз 5

98%
2%
Жүректің зор еді дəмесі,
Сағынған жоқпын тек демеші...
Қоштаса алатын адамдар
Қауыша алмайды неге осы?
 
Адамым өзіңсің бар сенген
Тек сенің бағыңды аңсар ем...
Кездесу бұйырған тағдырға
Қоштасу бұйырмай қалса екен..
Кездесу бұйырған тағдырға
Қоштасу бұйырмай қалса екен..
 
Мұңайып қалайын ақырғы,
Қуантып өмірді, тағдырды.
Кездесіп қалайық кездейсоқ
Көздерім көзіңді сағынды.
 
Адамым өзіңсің бар сенген
Тек сенің бағыңды аңсар ем...
Кездесу бұйырған тағдырға
Қоштасу бұйырмай қалса екен..
Кездесу бұйырған тағдырға
Қоштасу бұйырмай қалса екен..
 
Шын сүйе білгеннің несі мін,
Мендегі тамшы жас кешірім.
Аңсатқан, күттірген асыл жан,
Сағыныш болсыншы есімің.
 
Адамым өзіңсің бар сенген
Тек сенің бағыңды аңсар ем...
Кездесу бұйырған тағдырға
Қоштасу бұйырмай қалса екен..
Кездесу бұйырған тағдырға
Қоштасу бұйырмай қалса екен..