Қуандық Рахым
Текст

Қайтейін

Қуандық Рахым

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
Ғашық болдым мен қалай
Сол бір сәтте аңдамай
Асып-тасып сезімім
Мені әуреге салғаны-ай
Үнсіз шектім мұңымды
Тілсіз төктім жырымды
Тулап іштей түнеріп
Айта алмадым сырымды
 
Қайтейін арманым алыс менің
Арманға алдамшы таныс па едің
Сен маған бір үміт сыйламадың
Мен соған, мен соған қиналамын
 
Мен жүрмін мұңға батып
Тұңғиық сырға батып
Әлдебір ақтарсам ба
Сезімды сырғылатып
Шаттыққа бөлермісің
Жоқ әлде бақытсыз етермісің
Мендегі бал сезімді
Ұға алмай кетермісің
 
Қайтейін арманым алыс менің
Арманға алдамшы таныс па едің
Сен маған бір үміт сыйламадың
Мен соған, мен соған қиналамын