Қуандық Рахым
Текст

Ғашықпын бәріңе

Қуандық Рахым

Оцените песню: Голос вверх 37 Голос вниз 1

97%
3%
Мың жүрекке гүл еккен,
Іңкәр сазды жүрекпен,
Адал, аппақ тілекпен,
Әнімді арнаймын
 
Ақ сезімді ашық қып,
Ақ арманға асық қып,
Айналамды ғашық қып,
Әнімді арнаймын.
 
Қайырмасы:
Өнерді сыйлаған,
Жақсылық жинаған,
Шүкір мың Тәңірге.
Өнерді сүйетін,
Әнге бас иетін,
Ғашықпын бәріңе!
 
Асқар биік заңғарға,
Жаны ізгі жандарға,
Толықсыған таңдарға,
Әнімді арнаймын.
 
Жыры толы күздерге,
Нұры толы жүздерге,
Сыры толы сіздерге,
Әнімді арнаймын