Қылықтым деп қойып ем нұрлы есім
Үміт гүлдеп көзіңде күлгесін
Ұмыттым деп өтірік хат жаздым
Ұмыта алмай сағынып жүргесін
Тербегелі сезімді ғашық ет
Көрмегелі өзіңді қасірет
Сенде мені сағынып жүрсін-ау
Хат жазыпсын хабарласпашы деп
[Қайырмасы]
Хабарласпай жаным-ау кетсенде
Амандаспай танымай өтсен де
Маған қоспай өзгені өтсен де
Мұң шексемде қиялым тек сенде
Жан жарасқан сезім тербегенде
Жалғамастан жолды сенде менде
Мәңгі адасқан бір ғана жүрекпіз
Орналасқан бөлек кеуделерде
Жаным жаным жалғызым сен едін
Қабылдадым тағдырдың дегенін
Бәрін-бәрін түсінем көнемін
Сағынышты қалайша женемін
Көкте гүлдеп айыма айналып
Жеткенімен ауыр мұң ойға алып
Кеткеніңмен бұлттай боп бұртиып
Ораларсын жауынға айналып
[Қайырмасы]
Хабарласпай жаным-ау кетсенде
Амандаспай танымай өтсен де
Маған қоспай өзгені өтсен де
Мұң шексемде қиялым тек сенде
Жан жарасқан сезім тербегенде
Жалғамастан жолды сенде менде
Мәңгі адасқан бір ғана жүрекпіз
Орналасқан бөлек кеуделерде