Шығарып алар тұманнан лезде
Шын досы болады расында адамның
Көңілің тасып қуанған кезде
Сырымды сенен жасырмағанмын
Жаманның сөзін құб алған кезде
Қаттырақ айтып ашуға бардың
Қара бұлт басып күн ауған кезде
Қасқайып жалғыз қасымда қалдың
Тарланым тау мүсінді
Айтамын алғысымды
Мен үшін аямадың
Бар күшіңді
Ризамын саған досым
Бастайық заман көшін
Еркекше қолыңды бер
Адал досым
Жабықсам басқа жанды күтпедім
Жалғыз сені іздеп жүремін досым
Алатын алда асу үміттерін
Бағындырамыз білемін досым
Қазақтың сендей нар жігіттерін
Қиынау табу бұл өмірде шын
Мақтанып айтам мәңгілік менің
Тілегімдесің, жүрегімдесің
Тарланым тау мүсінді
Айтамын алғысымды
Мен үшін аямадың
Бар күшіңді
Ризамын саған досым
Бастайық заман көшін
Еркекше қолыңды бер
Адал досым
Тарланым тау мүсінді
Айтамын алғысымды
Мен үшін аямадың
Бар күшіңді
Ризамын саған досым
Бастайық заман көшін
Еркекше қолыңды бер
Адал досым