Мансабым жоқ деп, мұңайма, бала,
Күрсіне берме, күл айналаңа.
Қазақтың бәрі құл болып өтсін,
Қу құлқын емес, Құдайға ғана!
Тарихты жазған тасыңда дара,
Анаңмен келген асыл да, дана,
Қазақтың тілі қолданылмасын,
Қазан - ошақтың қасында ғана!
Еңсеңді тікте, именбе бала,
Жауына басын иген бе баба?
Қос тізең бірақ бүгіліп тұрсын,
Көк байрағымды сүйгенде ғана!
Еңсеңді тікте, именбе бала,
Жауына басын иген бе баба?
Қос тізең бірақ бүгіліп тұрсын,
Көк байрағымды сүйгенде ғана!
Болмасын соғыс, сынбасын аға,
Бейбітшілікті жырласын ана.
Тыныштығыңды бұзса екен, елім,
Тек сәбилердің іңгәсі ғана!
Қалдырып артта азап түрмесін,
Бұл күні еркін азат күндесің.
Төрелер алға тарта берсе екен,
Танысын емес, қазақтың көшін!
Жерімнің әр тас, құмы бағалы,
Қадірін ұрпақ ұғынады әлі.
Басқалар келіп таптамаса екен,
Бабам қорғаған Ұлы даланы!
Жерімнің әр тас, құмы бағалы,
Қадірін ұрпақ ұғынады әлі.
Басқалар келіп таптамаса екен,
Бабам қорғаған Ұлы даланы!
Еңсеңді тікте, именбе бала,
Жауына басын иген бе баба?
Қос тізең бірақ бүгіліп тұрсын,
Көк байрағымды сүйгенде ғана!
Жерімнің әр тас, құмы бағалы,
Қадірін ұрпақ ұғынады әлі.
Басқалар келіп таптамаса екен,
Бабам қорғаған Ұлы даланы!