Жақындата аламыз үйді алыс біз.
Жаныңыздың жартысы мен болайын,
Жалғыздықтан жүрсеңіз қиналып сіз.
Күліп маған,
Қарайсыз ғой,жөн болар құнықпаған.
Үйіңізден шықтым деп қырық қадам,
Жарыңызды жөн болар ұмытпаған.
Айымсың ғой әдемі аспанда,
Күнімсің ғой көзімді ашқанда.
Мен өзіңді оп-оңай қалай,
Беремін басқаға.
Айым-ау деп айыңа теңесең,
Күнім ау деп күнім де деме сен.
Не болар екен осының бәрін,
Естісе үйдегі жеңешем.
Еркелейсің,
Армандауға әлі де ерте дейсің.
Алақанға қондырсам қос аруды,
Жақсы емес пе жарқыным сен не дейсің?
Тентек сері-ай,
Сиқырлама сөзіңмен сен кеп мені-ай.
Бір жүрекке сыяды төрт ару деп,
Еріп кете беретін еркектер-ай.
Қарындасым қылықты қасымда,
Бағың басым болсыншы басыңда.
Достығымыз жалғаса берсін,
Ғасырдан ғасырға.
Ағатайым қолыңда жүзігің,
Қарапайым қазақтың қызымын.
Бұр өмірде сүйіп бір адамды көрсеңші,
Жеңгемнің қызығын.