Ақша бұлттың ар жағына миды әкетер,
Жүрек қағыс, бөлек қағып, соғып дік етер
Айтайын дегенім бір махаббат іздеймін
дәл дөп етер, сөз тоқетер,
Ғарыштай көңілдің шын кеңдігін көрсетер
Бәрін , бәрін, бәрін сезімменен өлшетер,
Таусылмайтын, шектелмейтін сезімді армандаймын.
Дайынмын мен ашықпын жан жүрегіммен,
батуға сенімен түрлі күйлерге,
тәтті билерге күніменен - түнімен.
Армандаған оу менің жылы жарығым,
Жаным саған оу қол жеткізем бәрібір,
Қиялдаған оу армандаған аруым,
Іздеудемін сені,қара да тұр кездесеміз әлі бір.
Бір көргеннен көзге оттай басып жарқ етер,
Жүрек бірден сезіп алып - ұшып зырқ етер,
Айтайын дегенім шын махаббат іздеймін,
дәл дөп етер, қыз бал шекер,
Сырға сыр, жырға - жыр қосып есе екі етер,
Бәрін, бәрін, бәрін көркіменен көркейтер,
Қылықты қыз, білмесемде өзіңді армандаймын.