КешYou
Текст

Туған жер - тағдырым

КешYou

Оцените песню: Голос вверх 47 Голос вниз 7

87%
13%
Туған жерім тұғырлы өлкем
тәй-тәй қадам басқан жерім
Өзіңде өткен ғұмыр көркем
Ай-хай далам асқар белім
Туған жерім мөлдірейді
жанарымда аспан көгім
Жан жүрегім елжірейді
Естен кетпей жаз дәуренім
 
қайырмасы;
Туған жер, туған ел айбыным
гәккулы-аққулы  айдыным
Жақұтым, бақытым, байлығым сен
Туған жер, туған ел тағдырым
Сен барда жалғанда бар құным
Таусылмас, сарқылмас ән-жырым сен
Жақұтым, бақытым, байлығым сен
Таусылмас, сарқылмас ән-жырым сен
 
Туған жерім сен ұлысың
Баба мұра бақ-несібем
Саған деген сағынышым жүрегімнің
туған жерім сыйын бөлек
Алтын ұя ақ бесігім
Сені мәңгі сүю керек
Сүймегенге жоқ кешірім
 
қайырмасы;
Туған жер, туған ел айбыным
гәккулы-аққулы  айдыным
Жақұтым, бақытым, байлығым сен
Туған жер, туған ел тағдырым
Сен барда жалғанда бар құным
Таусылмас, сарқылмас ән-жырым сен
Жақұтым, бақытым, байлығым сен
Таусылмас, сарқылмас ән-жырым сен -