Ақ көйлек, қызыл бешпет-ау,
Әдемі қыз-ай
Тиген жоқ әлі ешкімге,
Әдемі-ау, әлегіміз-ай.
Бірге өскен кішкентайдан-ау
құрбы ма едің-ей,
Біз сізден әлі күнге,
Әдемі-ау, дәмеліміз-ай.
Сәулелі алтын айымсың
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жанымсың.
Ақ көйлек, қара камзол-ай
белін буған-ей,
Жан едің қатарыңнан,
Әдемі-ау, дара туған-ай.
Мен сізге ғашықтықтан-ау
Сөз айтамын-ей,
Ар жағын өзің шешіп,
Әдемі-ау, өзің ойлан-ай.
-