Балалық сезіммен
Бірге өстім өзіңменен
Оянды ақ махаббат
Ешкімге сезілмеген
[Қайырмасы]
Жұлдызбен араласып
Қырдан-ай барады асып
Үйіңнің сыртында жүр
Бала ғашық, далаға шық
Өзің боп асқақ әнім
Айтуға жасқанамын
Өтемін төмен қарап
Таусылып басқа амалым
[Қайырмасы]
Қош енді балалығым
Жанымда қалады үнің
Сыйлауға саған еркем
Жинадым дала гүлін -