Қажымұрат Шешенқұлұлы
Текст

Жақсы екен гой

Қажымұрат Шешенқұлұлы

Оцените песню: Голос вверх 85 Голос вниз 3

97%
3%
Күмбірлемей күй-көңілден
Батып барамын бас көтермей
Сені құлай сүйгенімнен
Сүймегенім жақсы екен ғой
 
Не қызық күтем енді өмірден
Қайтем жүрек жатса көнбей
Әттең сені көрегімнен
Көрмегенім жақсы екен ғой
 
Кезі кетіп сәтке асыққа
Жанарыңда жасқа көнбей
Қосылмайтын қос ғашықтан
Жалғыздығым жақсы екен ғой
 
Жалғыздығым жақсы екен ғой
Жалғыздығым жақсы екен ғой
 
Қоса алмадым тағдырымды
Жаумас сірә бақ нөсердей
Ендігідей бар мұңыңды
Білмегенім жақсы екен ғой
 
Іңкәр болып жүр келем мен
Қас іздеппін досқа келмей
Сенсіз өмір сүргенімнен
Сүрмегенім жақсы екен ғой
 
Кезі кетіп сәтке асыққа
Жанарыңда жасқа көнбей
Қосылмайтын қос ғашықтан
Жалғыздығым жақсы екен ғой
 
Жалғыздығым жақсы екен ғой
Жалғыздығым жақсы екен ғой
 
Күмбірлемей күй-көңілден
Батып барамын бас көтермей
Сені құлай сүйгенімнен
Сүймегенім жақсы екен ғой