Ғашық қылдыңау арбап арбап
Сендей сұлулар арман шығар
Кейде қараймын аңдап аңдап
Жігіттерің көп болған шығар
Әндерін саған арнап арнап
Көбейгендей ме арнаушылар
Жүрсің ау мені алдап алдап
Сүйем дегенің жалған шығар!..
Алдап алдап алдап
Салдың маған қармақ
Біліп қойдым шынайы кейпіңді
Сеніп қала берем
Көніп қала берем
Өтірігің қандай сиқырлы
Адал ма деп маған
Көңіл қатты алаң
Ұрладың ау түнгі ұйқымды
обалы не керек
Сұлусың керемет
Алдап тұрғаның да сүйкімді
Жүрегім басқа бақ таппады
Жүректе өмір сүре берші
Ақ жүзің қыстың әппақ қары
Майысып маған күле берші
Өзіңсің жанның тәп тәтті әні
Сезімді содан біле берші
Алдайтыныңды тоқтат дағы
Алданышым боп жүре берші
Алдап алдап алдап
Салдың маған қармақ
Біліп қойдым шынайы кейпіңді
Сеніп қала берем
Көніп қала берем
Өтірігің қандай сиқырлы
Адал ма деп маған
Көңіл қатты алаң
Ұрладың ау түнгі ұйқымды
обалы не керек
Сұлусың керемет
Алдап тұрғаның да сүйкімді