Көк жиектен күн шығады шұғылалы
Миллион жұлдыз алдыма келіп жығылады
Хош иіс таңғы кофе құйылады
Кейбіреулер жұмысына асығады
Кейбіреулер көрпесіне тығылады
Себебі түні бойы қыдырады
Көңілі жүрген күйзелісте
Көлігі тұрған кептелісте
Асығыс жан көп айналамда
Мен ғана асықпаймын
Қайда барады, қайда
Бір сәт аялдамай ма
Қаланың адамы, Қай жаққа барады
Тоқтай алмай
Қайда барады, қайда
Қадам баяуламай ма
Түюлі қабағы
Қалай бақ табады
Тоқтай алмай
Жалыққан соң тіршіліктен бір сарынды
Армандаумен жақынына мұң шағуды
Шыңайы кездесуге асығады
Көктемдей болып күлімдейді, құлпырады
Бірақ, бірақ көздерінде мұң тұрады
Бақыт іздеп жүргенін жасырады
Көңілі жүрген күйзелісте
Көлігі тұрған кептелісте
Асығыс жан көп айналамда
Мен ғана асықпаймын
Қайда барады, қайда
Бір сәт аялдамай ма
Қаланың адамы, Қай жаққа барады
Тоқтай алмай
Қайда барады, қайда
Қадам баяуламай ма
Түюлі қабағы
Қалай бақ табады
Тоқтай алмай