Қасқыр Қонысқараұлы
Текст

Перзентімін қазақтың

Қасқыр Қонысқараұлы

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

 
Жұлқынып бүгін жүрегім
Термелеп жырдау күредім
Басыңа мезет іс түссе
Қазақтан болсын тірегім
Қазақтың қаны боиымда
Жігерлі ұлдың бірі едім
Жеріме жеткен жауыма
Найзаның ұшын тіредім
Құшағын ашқан досымның
Арқасында білегім
Көмекейден жыр төктім
Ағысындай іленің
Қабыл ал халқым шынайы
Береке саған тіледім
Жаюлы даиын дастархан
Қонақ жаи халық біздеген
Қара нанды қақ бөліп
Көршіден қолын үзбеген
Жүріп келем даңыл жол
Бабам салған ізбенен
Салт дəстүрім қазынам
Ізгілікті ау көздеген
БІздеген ұлы халықпыз
Дау шешетін сөзбенен
Ежелден елміз жай жатқан
Өмірді бейбіт іздеген
Осыны сақтап өтемін
Басымен енді сау өз денем
Асқар тау айдын көлдері
Көңілін берсін қазақтың
Атымдай жомарт ағаиын
Пейілің аи шөлдедім
Қиқулаған қазақпын
Шапқан саиын терледім
Сəйгүліктей жараған
Бəйгенің алдын бермедім
Олжалы қайтып додан
Қос қоржынды теңдедім
Серіменде салда мен
Тамағымды кернедім
Əйгілі етем əлемге
Қазақтың байтақ жер жерін

Другие песни от Қасқыр Қонысқараұлы