Ұйқыда ғалам ұйықта балам
Отырмын сені әлдилеп
Кішкентай адам ең қымбат маған
Ұйықтасын тыныш сәбилер
Айымсың әппақ өзің күн жұлдыз
Тәп-тәтті сенің келбетін
Ең ғажап шақтар қайғысыз мұңсыз
Балапаныеды тербету
Әлди-ау бөпем ұйықтай ғой
Тыныш болсыншы заманын
Арманы осы тілегі осы
Әр ата ірбір ананың
Аштықтан азып алақан жазып
Сұрамасыншы сәбилер
Соғысты көріп көктей боп соғып
Жыламасыңшы сәбилер
Ұйқыда ғалам ұйықта балам
Сүйсінер саған анашын
Өзің деп сүйем кең жүрекпенен
Әлемнің барлық баласын
Оятса сені күн нұры ғана
Оятып таңда әлдилер
Өмірдің мәні өздерің ғана
Ұйықтасын тыныш сәбилер...