Қарақат Әбілдина
Текст

Ризамын саған

Қарақат Әбілдина

Оцените песню: Голос вверх 112 Голос вниз 3

97%
3%
Күлімдеп көзің,
Дірілдеп сезім,
Бақытқа мені бөлеген өзің.
Сенсің деп айым,
Көрсетпей уайым,
Қорғаным болып келесің дәйім.
 
Қасымда сенің жүргенің-ай,
Ғажап қой осы күндерім-ай,
Аяулы жарым – баянды бағым,
Ризамын саған, ризамын, жаным!
 
Көңілім қалап тапқан адал жан,
Жүректе толы тәтті ән, ақ арман,
Жанымыз махаббаттан жаралған,
Тосады бақыт алдан!
 
 
 
Мұңайтпай бір күн,
Қуантып жүрдің,
Еркелігімді көтере білдің.
Үмітті жалғай,
Биікке самғай,
Жетелеп жүрші қанатың талмай.
 
Қасымда сенің жүргенің-ай,
Ғажап қой осы күндерім-ай,
Аяулы жарым – баянды бағым,
Ризамын саған, ризамын, жаным!
 
 
 
Көңілім қалап тапқан адал жан,
Жүректе толы тәтті ән, ақ арман,
Жанымыз махаббаттан жаралған,
Тосады бақыт алдан!