Қарақат Әбілдина
Текст

Қызыма

Қарақат Әбілдина

Оцените песню: Голос вверх 482 Голос вниз 11

98%
2%
Қызым-ау, аппақ әкеңнің тілегісің,
Кеудеде соққан анаңның жүрегісің,
Көктегі күнім, қызғалдақ гүлім-ау өмірімнің
Өлшеусіз бағы екеніңді өзің білемісің?!
 
Шолпаны менің таңымның,
Раушаны иран бағымның,
Аяулы қызым, саясы менің оу жанымның.
Жаралған мөлдір сезімнен,
Айналдым сенің көзіңнен.
Асықпын күнге сырласатұғын өзіңмен!
 
Жаратқан сенің жаныңды асыл етсін,
Әрдайым өмір жолыңды ашық етсін.
Жанымен сен деп, әнімен тербеген ата -анаңа,
Қуанышыңды көруді ғана оу нәсіп етсін!
 
Шолпаны менің таңымның,
Раушаны иран бағымның,
Аяулы қызым, саясы менің жанымның.
Жаралған мөлдір сезімнен,
Айналдым сенің көзіңнен.
Асықпын күнге сырласатұғын өзіңмен!
 
Шолпаны менің таңымның,
Раушаны иран бағымның,
Аяулы қызым, саясы менің оу жанымның.
Жаралған мөлдір сезімнен,
Айналдым сенің көзіңнен.
Асықпын күнге сырласатұғын өзіңмен!