Көшеді өмір келумен
Кешеді көңіл серуен
Есіді қоңыр самал жел
Жүзгені бұлттай беу
Күздегі жұрттай беу
Өтеді сайран дәуренім
Кетеді бойдан дәрменің
Жетеді жылжып байқалмай
Қарттығың болар беу
Тәтті күн қалар беу
Ай қасқағым жылдар заулайды
Жас шағың күндей аунайды
Қысқа бір жолдар табылмас
Тасқа бір соқпай маңдайды
Қайран дүние
Өртеніп іштей өзегің
Тағдырға адам төзеді
Күдерін үзбей күйбеңнен
Келгенше бір күн кезегі
Жалған дүние
Қадірсіз алтын уақыт
Талайды кеткен жылатып
Көңілді күндер жұбатып
Алмасып заман беу...
Жалғасып адам беу...
Қамшыдай ғана ғұмырың
Тамшыдай мөлдір тұнығың
Аз ғана жылдар жылуын
Сыйлайды екен беу...
Қинайды екен беу....
Ай қасқағым жылдар заулайды
Жас шағың күндей аунайды
Қысқа бір жолдар табылмас
Тасқа бір соқпай маңдайды
Қайран дүние...
Өртеніп іштей өзегің
Тағдырға адам төзеді
Күдерін үзбей күйбеңнен
Келгенше бір күн кезегі
Жалған дүние...
Ай қасқағым жылдар заулайды
Жас шағың күндей аунайды
Қысқа бір жолдар табылмас
Тасқа бір соқпай маңдайды
Қайран дүние...
Өртеніп іштей өзегің
Тағдырға адам төзеді
Күдерін үзбей күйбеңнен
Келгенше бір күн кезегі
Жалған дүние...