Қанат Үмбетов
Текст

Не жетпейді?

Қанат Үмбетов

Оцените песню: Голос вверх 48 Голос вниз 1

98%
2%
Бізді күтпес бұл уақыт
Екеумізді бір бақыт бірдей күн
Екеумізде бір арман
Мен адасып тұманнан жүрмеймін
 
Әлі саған бар көңіл
Менде жаным мәңгі өмір сүрмеймін
Бәрі бақыт іздеуде
Не жетпейді біздерге білмеймін
 
Айтшы қалауың не?
Басқа амалым не?
 
Бағаласақ бізде бәрі бар
Қалғандары бір күн табылар
Не жетпейді жаным біздерге
Жазғанына бәрі бағынар
 
Әр жүректің тапсаң емі бар
Өзіне сай мәңгі теңі бар
Не жетпейді жаным біздерге
Шыдамның да білсең шегі бар
Не жетпейді?
 
Тәтті мұңға бір батып
Тыныш өмір шын бақыт білгенге
Қадірімді кеш білме
Жыласаң да ешкімге сыр берме
 
Бәрі біздей жүр деймін
Қызығасын білмеймін кімдерге
Адам болсақ үлгілі
Бәрі жетер бір күні бір демде
 
Айтшы қалауың не?
Басқа амалым не?
 
Бағаласақ бізде бәрі бар
Қалғандары бір күн табылар
Не жетпейді жаным біздерге
Жазғанына бәрі бағынар
 
Әр жүректің тапсаң емі бар
Өзіне сай мәңгі теңі бар
Не жетпейді жаным біздерге
Шыдамның да білсең шегі бар
Не жетпейді?
 
Бағаласақ бізде бәрі бар
Қалғандары бір күн табылар
Не жетпейді жаным біздерге
Жазғанына бәрі бағынар
 
Әр жүректің тапсаң емі бар
Өзіне сай мәңгі теңі бар
Не жетпейді жаным біздерге
Шыдамның да білсең шегі бар
Не жетпейді?