Қанат Үмбетов
Текст

Мазаламайын

Қанат Үмбетов

Оцените песню: Голос вверх 144 Голос вниз 4

97%
3%
Есіңе мені аларсың бағым,
Алаңдап жүрген кезіңде мұңды.
Жалғаннан іздеп табарсың жаным,
Жауапсыз қалған сезімдерімді.
 
Арналар саған әндерім дәйім,
Бәріңе мұңды қалай айтайын?
Алдыңда сенің таза болайын,
Мазаламайын.
Сырларын айтып сарғайған күзге
Сағынсаң ізде, үмітіңді үзбе.
Бірге болуды жазбаса бізге,
Мазаламайын.
 
Бағыңа мені жетелер едің,
Өзеннің асау ағыны сынды.
Өткенге тастап кете беремін
Өзіңе деген сағынышымды.
 
Арналар саған әндерім дәйім,
Бәріңе мұңды қалай айтайын?
Алдыңда сенің таза болайын,
Мазаламайын.
Сырларын айтып сарғайған күзге
Сағынсаң ізде, үмітіңді үзбе.
Бірге болуды жазбаса бізге,
Мазаламайын. -